cargo
air cargo

Жүктерді жеткізу - Сіздер үшін

Жүктерді жедел жеткізу қажет пе? Пойыз, жүк көлігі, тікұшақ – тек Сіз таңдайсыз! Біз кез келген заттарды керекті қалаға немесе елге жеткіземіз!
Біздің компания тасымалдауға тыйым салынғаннан басқа жүктердің барлық түрлерімен жұмыс істейді.

Біз Сіз көрсеткен бағыт бойынша қуана жеткіземіз:

  • жедел құжаттарды,
  • автокөліктерге, яхталарға, пойыздарға және басқа да көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерді,
  • тез бұзылатын өнімдерді,
  • кез келген тағайындалымдағы тауарларды,
  • дәрілер мен тұрмыстық химияны,
  • тірі жануарлар мен өсімдіктерді,
  • агрегаттар, яғни механизмдер жиынтығы,
  • компьютерлер мен оргтехниканы,
  • кез келген тағайындалымдағы аспаптар, аппараттар және
  • арматуралар,
  • құрылыстық және әрлеу материалдарын,
  • тұрмыстық техника мен электроника, компьютерлер,
  • жиһаз, интерьер затттары
  • театрлық декорациялар мен реквизит,
  • көрмелік қабырғалар мен құралдар,
  • құндылықтар, антиквариат,
  • спорттық инвентарь,
  • музыкалық аспаптар,
  • ірі өлшемдегі жүктер.

Егер Сіздің жүкті көлікпен тасымалдауға болатындығын білмесеңіз, бұл сұрақты Cofrance SARL компаниясының менеджеріне қойыңыз.
Біздің штатта жоғары білікті заңгерлер жұмыс істейді, олар қажетті құжаттарды рәсімдеуге және клиенттің пайдасына дауларды шешуге дайын.

Қандай көлікті таңдау керек

Жеткізудің ең жылдам және сенімді тәсілі қандай? Бұл тікұшақ немесе ұшақ! Ол жүктердің барлық түрі үшін жарамды, тіпті қауіпті немесе ірі өлшемді болса да. Ұшу аймағы шектеусіз!

AVIAV TM (Cofrance SARL) жетекші еуропалық авиациялық делдал (Франция, Ницца) қажетті бағыт бойынша тікұшақты немесе ұшақты жедел ұсынады. Әуе кемесіне онлайн тапсырыс беріңіз және ол Сіздің заттарды, тауарларды, құжаттарды немесе құралды дәл сол күні тасымалдайды.

Клиент уақыт пен бағытты өзі тағайындайды, ал AVIAV TM (Cofrance SARL) әуе жүк тасымалынбасынан аяғына дейін өзі ұйымдастырады.
Ұшу Сіздің елдің ішінде немесе шет елге кез келген бағыт бойынша болуы мүмкін.

cargo2
cargo3

Тікұшақпен жүктерді жеткізуге онлайн тапсырысты қалай береді

Берілген сайтта форманы толтырыңыз.

  1. әуежайды қоса алғанда, ұшу және жеткізу пункттерін,
  2. сапардың күнін,
  3. жүктің типін,
  4. шамамен салмағын, ұзындығын, енін және биіктігін,
  5. қосымша қызметтер,
  6. контактілер.

AVIAV TM (Cofrance SARL) менеджері сапар құнын жедел санайды және жеткізуді келісу үшін сізбен байланысады. Қорғаныстың көп деңгейлі жүйесіне ие заманауи онлайн сервистерді пайдалану арқылы ғаламторда қызметтерді төлеу және шарт жасау қолайлы.

Жүктерді тікұшақпен жеткізу – бұл қолайлы және тиімді!

Әуе кемесімен жеткізуді ұйымдастыру

Сіз сайтта өтініш қалтырасыз және AVIAV TM (Cofrance SARL) қызметкерімен нақтылап келісесіз.

 AVIAV TM (Cofrance SARL) менеджері құжаттарды рәсімдейді және сапарға рұқсат алады.

Біз Сізге жайлы әуе кемесін ұсынамыз: құны бойынша жарамды нұсқаны таңдауға, жеткізу шарттарының фильтрін қолдануға болады.

Шарт жасау және төлем.

Жүктерді тікұшақпен тасымалдау: “есіктен есікке дейін” әуеде жеткізуді ұйымдастыру.

cargo6
cargo4

AVIAV TM (Cofrance SARL) логистиканың келесі қызметтерін ұсынады:

  • Жүктерді кеңседен, пәтерден, қоймадан әкету,
  • өлшеу, қаптау, таңбалау,
  • ілеспе құжаттарды рәсімдеу,
  • жүктерді сақтандыру,
  • әуежайға дейінгі трансфер,
  • әуе кемесіне тиеу,
  • жүктің берілген түрі үшін бортта оңтайлы жағдай жасау,
  • клиенттің онлайн жеткізуді бақылауға қол жетімділігі,
  • келу әуежайында тосып алу,
  • кедендік рәсімдер,
  • алушының есігіне дейін трансфер,
  • қаптамадан шығару, жинау, орнату.

Клиент оған қажетті қызметтерді таңдайды және оларды ғана төлейді.
AVIAV TM (Cofrance SARL) тапсырысберушіге қандай тікұшақ, ұшақ және ілеспе сервис керектігін өзі шешу мүмкіндігін ұсынады.
Жүктерді әуеде тасымалдаутәулік бойы іске асырылады.
Біз жетекші әлемдік өндірушілердің тікұшақтарымен ішкі және халықаралықжүктерді әуеде тасымалдауды ұсынамыз:
Airbus, Boeing, Bombardier, Embraer, Sukhoi Superjet, Pilatus, Fokker, Saab, Cessna, Dassault Aviation, Gulfstream, Beechcraft,

Ұшақтар:
Robinson, Mi, Airbus Eurocopter, Вell, Sikorsky, Agusta, Lycoming, Enstrom, RotorWay Exec, McDonnel-Douglas,
756 әуе компанияларымен және әуе кемелерінің жеке иелерімен әріптеспіз.
AVIAV TM (Cofrance SARL) жеке тұлғалармен және ұйымдармен жұмыс істейді.

Авиациялық делдал тапсырыстардың барлық түрлеріне қызмет көрсетеді:

  • бір реттік
  • қайталама,
  • мерзімдік,
  • тұрақты.

Әрбір жағдайда біз клиент үшін әріптестіктің оңтайлы сұлбасын қалтырамыз.
Ішкі және халықаралық жүк әуетасымалдары – бизнесті дамыту мен жеке жетістікке жетудің ең жақсы тәсілі!

Неге AVIAV TM (Cofrance SARL)

AVIAV TM (Cofrance SARL) – француз компания, бас кеңсесі Ниццеде орналасқан. Авиациялық делдалдың әлемнің 117 мемлекеттерінде кеңселері бар: бұл Еуропа мемлекеттері, Азияның 20-дан астам елдері, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Африканың, Австралияның және Мұхит мемлекеттері. Жүк әуе тасымалдары – біздің қызметтің жетекші бағыты.

  1. Жүк авиациясындағы жұмыс өтілі – 10 жылдан астам.
  2. Жүктерді жеткізуге арналған тікұшақтар мен ұшақтар базасы – 100 мыңнан астам әуе кемелері.
  3. Бес құрлықтағы жетекші әуе компаниялары мен ғаламшар әуежайларымен әріптестік.
  4. Жоғары біліктіліктегі авиациялық заңгерлердің жеке меншік штаты.
  5. Қорғаныстың 100% сенімділігіне ие заманауи онлайн сервистер.
  6. Жүктерді тасымалдаудың толықтай ұйымдастыру – есіктен есікке дейін.
  7. AVIAV TM (Cofrance SARL) – алдыңғы қатарлы халықаралық авиациялық қауымдастық мүшесі:
  • EBAA (European Business Aviation Association),
  • NBAA (National Business Aviation Association),
  • Wyvern Ltd. жәнеARGUS International (ұшу қауіпсіздігі стандарттарын қатаң сақтау),
  • Avinode.
  1. Кепілдік береміз:
  •  әріптестіктің қолайлығы,
  •  тиімді бағалар,
  •  жеткізудің максималдық қысқа мерзімдері,
  •  қатаң құпиялылық.
  •  жүз пайыз қаржылық есептілік,
  •  клиент пен оның жағдайына әдеппен қарау,
  •  жүктерге ұқыпты қарау,
  •  ұқыптылық, жауапкершілік,
  •  авиациялық заңнаманы қатаң сақтау.

AVIAV TM (Cofrance SARL)-мен Сіздің жүктеріңіз тағайындалған орынға уақытында сақталып жетеді.

cargo7
cargo5